Абай облысы әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Дулат Хусаинов 25.07.2025ж. жоспарға сәйкес , "Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының" мемлекеттік қызметшілермен семинар-кеңес өткізді.
📑🖊️Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қозғалды . Атап айтқанда:
✅қызметшілердің кәсіби қызметінде басшылыққа алынатын негізгі қағидаларына назар аударылды. Қызметтік және бейресми ортада әдепсіз мінез-құлыққа жол берілмеуі қажеттілігіне ерекше атап өтілді, себебі бұл азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне әсер етеді.
✅Бұдан бөлек, қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігі айтылды (пара беру немесе пара алу) фактілерден бойды аулақ ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді . Мәселен, сыйлықтарды қабылдауға тыйым салу, мүдделер қақтығысына жол бермеу , қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдаланбау .
✅Қызметшілердің басты назары қызметте іскерлік киім кию стилін ұстанудың қажеттілігі туралы сөз қозғалды және қоғам тарапынан сыңға себепкер болмаулары қажет екендігі жеткізілді, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне оның ішінде іскерлік киім кию стиліне қатысты түскен арыз-шағымдар бойынша ақпарат берілді.
✅Сондай-ақ, қызметшілерге лудомания мәселесі төңірегінде тың ақпараттар беріліп, құмар ойындарға қатысып бәс тігетін көңіл-көтеретін орындардан қызметшілердің бойды аулақ ұстау қажеттілігі және оның маңыздылығы түсіндірілді.
📍Семинар кеңестің нәтижесі бойынша қызметшілермен анонимді сауалнама өткізілді .
Сауалнама нәтижелері мемлекеттік органда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуалды анықтауға мүмкіндік береді .
Семинар соңына Әдеп жөніндегі уәкіл қызметшілердің назарына Уәкілдің азаматтарды қабылдау кестесі туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларына қатысты консультациялық кеңестер қажет болған жағдайда қалай және қайда жүгіне алатындығы түсіндірілді.