Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады, атап айтқанда:

- құрылыс-монтаждау жұмыстары;

- жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстар;

- құрылыс-монтаж жұмыстарын техникалық қадағалау (жобаларды басқару) бойынша инжинирингтік қызметтер.

Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия құрылмайды.

Рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып жүргізілген конкурстың қорытындылары «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңның 25-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.