Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2025 жылғы 2-ші маусымынан бастап тұрғын үй сертификатын алуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

    Кредиттік бағытта тұрғын үй алуға ниет білдірген адам төлем қабілеттілігін және отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысын растау туралы банктің хаты болған кезде оның әрбір мүшесіне 159 582 теңгеден аспайтын, көрсетілген күннен бастап тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады.

    Бағыттар бойынша кредит негізінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық бағдарламамен, тұрғын үй құрылысы бағдарламасымен немесе "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасымен тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына жауап беретін әрбір азаматқа мемлекет тарапынан бастапқы жарна сомасының бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде 1 миллион 600 мың теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты беріледі.

Тұрғын үй сертификатын алуға өтінім беру «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асады.Толық мәлімет алу үшін Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет: Қалбатау ауылы Мұсылманқұлов көшесі, 70 үй.

Жарма ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі Жарма ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне сәйкес айқындалған.