2025 жылдың 11 сәуірінде аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында Жарма ауданының тұрғындары көше жарығы, тұрғын үй мәселелері және әлеуметтік төлемдер туралы өтініштерін білдірді.
Аудан басшысы әрбір сұрақ бойынша нақты түсініктеме беріп, мәселелердің шешілу жолдарын қарастырды.
Көше жарығы мәселесіне қатысты аудан әкімі тиісті қызметтермен бірлесіп бұл мәселені шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Тұрғын үй мәселесіне қатысты тұрғындар қажетті ақпарат алып, кезек тәртібі бойынша үй берілетінін түсіндірді. Әлеуметтік төлемдер мәселесіне қатысты да тексеру жүргізу қажеттігін тапсырды.
Аудан тұрғындарының мәселелеріне көңіл бөліп, оны шешу бағытында жұмыс жалғасатын болады.