Жарма ауданында кеңейтілген аппарат кеңесі өтті

Жарма ауданында кеңейтілген аппарат кеңесі өтті

Жарма ауданында кеңейтілген аппарат кеңесі өтті
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Борсықбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат кеңесі өтті. Кеңеске округтер мен кент, қала әкімдері, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Асанова, ішкі саясат бөлімінің м.а. А.Аңсағанов, және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Касенов мерекелік іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.
2. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар: Әуезов кентінің әкімі А.Кудайбергенов, Суықбұлақ кентінің әкімі А.Юсупов, Қарасу ауылдық округінің әкімі А.Кныбаев экологиялық бағдарламаның іске асырылуы туралы мәлімет берді.
3. 2025 жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық барысы: Жарма аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Тулеугазин, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қ.Куюспаев, «Семей орманы МОТР» РММ-нің Тау-Дала филиалы директорының міндетін атқарушы С.Жакупов өрт қауіпсіздігі және алдын алу шаралары бойынша ақпарат ұсынды.

Аудан басшысы жоғарыда аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай іс-шаралардың өту деңгейі өз бақылауында болатынын айтып, барлық жауапты бөлімдерге тиісті жұмыстарды бақылауды тапсырды.

Аудан әкімі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды нақтылап, округ әкімдеріне бағдарламаның 7 бөлімін қамтуға тапсырма берді. Бұл бөлімдер бойынша барлық жұмыстарды толық жүзеге асырып, тұрғындар арасында экологиялық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, өрт маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды. Өрт қауіпсіздігі мен алдын алу шараларының барынша тиімді әрі уақытылы жүзеге асуына назар аударылып, алдын алу шараларын сапалы орындау үшін барлық қажетті жұмыстарды қолға алу керектігін атап өтті.