Аудан әкімінің тұрғындармен жеке қабылдауы өтті
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген 9 тұрғын өздерін толғандырған сұрақтарын жеткізді.
📍 Ортабұлақ ауылының тұрғыны қасиетті жерлердің жағдайын көтеріп, Әулие ата басына тәу етушілер санының артып келе жатқанын айтты. Осыған байланысты Жарма ауданының киелі жерлеріне туристік бағдарлама жасау туралы ұсыныс білдірді.
📍 Қалбатау ауылының тұрғындары көше жарығы, Боранбай би көшесін жөндеу, тұрғын үй мәселесі және қаңғыбас иттердің көбеюіне қатысты сауалдарын қойды.
📍 Қызылағаш ауылдық округі мен Салқынтөбе ауылының тұрғындары жұмысқа орналасу және жайылымдық жер мәселесін көтерді.
Аудан әкімі барлық сұрақтарға заң аясында жауап беріп, Боранбай би көшесінде жөндеу жұмыстары биыл басталатынын, тұрғын үй кезегіндегі азаматтар заңға сәйкес үйлерін алатынын жеткізді. Сонымен қатар, жайылымдық жер алу үшін тиісті өтініштерді рәсімдеу қажеттігін түсіндірді.
Қабылдау соңында тиісті округ әкімдері мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
📢 Қабылдау барысында көтерілген мәселелер аудан әкімдігінің бақылауында болады.