Жарма ауданының тұрғындарына ескерту!

Жарма ауданының тұрғындарына ескерту!

Құрметті Жарма ауданының тұрғындары, 2024 жылдың сәуір айында Қалбатау ауылының екі тұрғыны «өрт қауіпсіздігі ережесін» бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни, бұл тұлғаларға «айыппұл» түрінде жаза салынды. Жалпы соммасы бір тұлғаға 73840 теңгені құрайды. Бірақ осыған қарамастан аудан тұрғындары қоқысты өртеу фактілерін тоқтатар емес. Осыған орай алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылатынын және арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізілетінін ескертеміз.

Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі