«Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» атты айлық жалғасуда

«Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» атты айлық жалғасуда

Жарма ауданындағы тіл саясатын насихаттайтын жұмыс тобы тағы да «ҚР-дағы тіл туралы» Заңның 10, 21 бап талаптарының орындалуын түсіндіру барысында 16 сәуір күні Қалбатау ауылының кәсіпкерлерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тексеру кезінде «Магнат» дүкенінің барлық заң талаптарына сәйкес жұмыс атқарып отырғаны анықталды, бірақ жеке меншік ғимаратына заң талабына сай емес жарнама кермені ілгізгені айтылып түсіндірілді және де бұл кемшілік бірден түзетілді.
«Гелиос», «Қазмұнай» жанармай құю бекеттері тексеріліп «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 10, 21 бап талаптарына сәйкес жұмыс атқарып отырғаны анықталды. Кассалық аппараттарына қазақ тілі еңгізілген, басылып шығатын чектердің мәтіні дұрыс жазылған, сатылатын тауар атаулары екі тілде жазылып ілінген.
«Арнау» автобекеті, «Керуен» қонақ үйі тексерілдіп ас мәзірі, ескертулер, хабарландырулар бір тілде (орыс тілде) жазылып заңға қайшы екені түсіндіріліп, кемшілікті түзету үшін 2 күн уақыт берілді.