"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңның 10, 21 бап талаптары бұзылуда

"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңның 10, 21 бап талаптары бұзылуда

«Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» атты Абай облысы бойынша өткізіліп отырған айлық барысында Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен тіл жанашырлары, қоғам белсенділері бірігіп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының 21-бабы негізінде деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiн біріздендіру мақсатында, ағымдағы жылдың 13-15-сәуір аралығында аталған айлық шеңберінде Қалбатау ауылындағы 18 кәсіпкерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 10, 21 бап талаптары түсіндіріліп, кемшілікті түзету мақсатында 8 кәсіпкерге акт толтырылып 2-30 күн аралығында кемшілікті түзету үшін уақыт берді.

Ескерту алғандар: жеке кәсіпкерТоқтамыс Гүлия «Гүлім» сән салоны, Кабдулхайырова Альмира «Лагманная» дәмханасы, Келдинова Гүлжан «Қазына» дүкені, гүл сататын «Flower» шағын дүкен иесі Адилова Гүлназ, жеке кәсіпкер «Камшат» дүкенінің иесі Турсынгазина Марал, «Айкөркем» сауда үйі Сахметжанова Айжан, "У Миры" дәмханасы Бигазинова Мира.
Аталған кәсіпкерлерге бірінші ескерту берілді, алдағы уақытта берілген мерзім ішінде барлық кемшіліктерді қалыпқа келтірмеген жағдайда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 10, 21-баптарының және ҚР-сы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 24 –баптарын бұзғаны үшін айыппұл салынатыны ескертілді.