Бүгін аудан әкімі Ж.Байсабыров азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады

Бүгін аудан әкімі Ж.Байсабыров азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады

Қабылдауға келгендер негізінен тұрғын үй мәселесін көтерді. Оның ішінде Р.Тоқтарбаева, С.Құмпейісова, Г.Жиндинова, Қ.Қарсакпаев сынды тұрғындар баспаналарының апатты жағдайын ескере отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер бөлуді сұрады.

Әрбір өтініш иесіне заңнамаға сәйкес тұрғын үй бөлу шарттары мен талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары шеңберінде биылғы жылы аудан орталығында тұрғын үйлер салынып, жаңа пәтерлер кезекте тұрған мұқтаж отбасыларына бөлінетіндігі айтылды.

Жалпы ауданда жүздеген адам  баспана жағдайын жақсарту бойынша тұрғын үй кезегіне қойылған