Ағымдағы жылдың 29, 30- қаңтар күндері тағы бір мәрте Жарма ауданының Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қалбатау ауылындағы 8 жеке кәсіпкерге ҚР -дағы "Тіл туралы" заң талаптары туралы түсініктеме берілді.
Басты назар кассалық аппараттарға қазақ тілін енгізуге аударылды.
Орталықтағы Халық банктің талондары заңға сәйкес екі тілде жазылған.
Жеке ірі сауда орындарындағы кассалық аппараттарға қазақ тілі басым көпшілігіне енгізілмегендігі анықталды, ал енгізілген кассалық аппараттардан шыққан чектердегі қателіктерді түзету үшін уақыт берілді.
Тексерілген 2 дәмханадағы ас мәзірінің орыс тілде жазылып заңға қайшы келетіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары жазылған парақшалар таратылды.
Кәсіпкерлерге аталған кемшіліктер ақпан айында түзетілмеген жағдайда айыппұл салынатындығы түсіндірілді.