- 3 қабаттан жоғары көп пәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға жол берілмейді.
- Газ баллондарын жеке тұрғын үйлерде эвакуациялау жолдарында, цоколь қабаттарында, жертөле және шатыр үй-жайларында, балкондарда және лоджияларда сақтауға жол берілмейді.
- Газдың иісі болса, газ баллонын пайдалануды тоқтату керек. Сіріңке, оттықтар жағуға, электр ажыратқыштарды пайдалануға, ашық отпен немесе темекімен кіруге болмайды. Газ құбырларынан, баллондардан немесе газ құралдарынан газдың шығу орнын анықтауды мамандар тек сабын ерітіндісінің (көбіктің) көмегімен жүргізеді.
- Газ құралдарын қосуға және оларды балалар мен осы құралдардың құрылғысымен таныс емес адамдарға пайдалануға тыйым салынады.
- Егер газдың шығуы газ құрылғысындағы ашық краннан пайда болса, оны жауып, бөлмені мұқият желдетіп, содан кейін ғана от жағуға болады. Газ желісінің немесе құралдардың бұзылуы нәтижесінде газ шығып кеткен жағдайда оларды пайдалануды тоқтату, үй-жайды желдету және авариялық газ қызметін дереу шақыру қажет.
- Газ плитасын таза ұстау керек, оның ластануына жол бермеу керек. Қыздырғыштардың корпустары мен олардың қақпақтарын үнемі жылы сабынды сумен жуып отыру керек.
- Газ баллондарын Жылыту радиаторы мен пештен 1 м-ден кем қашықтықта орнатуға тыйым салынады.
- Баллондарды пештердің от жағу есіктеріне қарсы 2 м-ден кем қашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
Жарма ауданы ТЖБ-і