Электр қондырғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

- Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға және жанғыш негізде монтаж жүргізуге тыйым салынады.
- Сымдарды тораптарға байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, түсқағаздармен желімдеуге және жанатын әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады.
- Сымдарды газ және су құбырларына, жылыту жүйесінің батареяларына бекітуге тыйым салынады.
- Ұзартқыш кабельді кілем астына және есік ойықтары арқылы төсеуге тыйым салынады.
- Қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("жучок", тығындар) қолдануға тыйым салынады.
- - Қыздыру аспаптары оларды қосқанға дейін жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарға орнатылуы тиіс.
- Жанғыш интерьер заттарының (перделер, кілемдер, пластмасса плафондар, жиһаздың ағаш бөлшектері) электр құралдарының қыздырылған беттеріне тимеуін қадағалау қажет.
- Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен жабуға тыйым салынады.
- Үйде жасалған электр жылыту құралын пайдалануға тыйым салынады.
- - Қосылған жылытқышта заттар мен басқа да жанғыш материалдарды кептіруге рұқсат етілмейді.
- Түнде электр қыздырғыш аспабын қосуға тыйым салынады.
- Зақымдалған электр розеткалары мен шанышқыларды пайдалануға тыйым салынады.
Жарма ауданы ТЖБ-і