Жарма ауданының аумағында ауа райының жылынуына байланысты қураған шөп пен сабанның жануының нақты қаупі бар. Жаз маусымында әсіресе орман өрттері ерекше алаңдатады. Табиғи өрттердің 90 пайызының шығуына адамдар кінәлі болып табылады.
Сөндірілмеген от, лақтырылып тасталған темекі тұқылы, көлік құралының ұшқын өшіргіші, орман алқабында қалдырылған шыны ыдыс, өткен жылғы бақылаусыз өртеу – осы және басқа да себептер өрттің шығуына жиі әкеп соғады.
Шығуы ықтимал өрттің алдын алу үшін төмендегіні білу және сақтау қажет:
- қылқан жапырақты жас ағаштың ішінде, қураған шөбі бар аумақта, орманның жел, дауыл құлатқан, кесілген ағаштары аршылмаған орындарында, қатты жел тұрғанда, ағаш иінінен салбырап тұрған бұтақтары астында от жақпау керек;
- от жағатын орынды кеуіп қалған шөп, жапырақ, бұтақ пен басқа қоқыстан тазалау керек, әрі отты байқаусыз қалдыруға болмайды. От қажет болмаса су құю немесе топырақ шашу арқылы сөндіріледі;
- демалыс орнынан отты 100 пайыз сөндірмей, оның өрт шығу қаупі жоқтығына көз жеткізбей кетпеңіздер;
- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын жерге тастамаңыздар, темекі шекпеңіздер және тұтанғыш сұйықтықтар мен материалдардың жанында от жақпаңыздар;
- ерекше өртке қарсы тәртіп енгізілгеннен кейін оны алып тастағанша орман ішіне кіруге қатаң тыйым салынады;
- ормандағы өртті көзіңіз шалса, шұғыл түрде «101»телефоны арқылы өртке қарсы қызметке немесе қала/ауылдық округ әкімдігіне, орман шаруашылығына хабар беріңіз.
Есіңізде болсын, Сіздің әрекетіңіз тек өрттің алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауіпсіздігіне қажет, олардың денсаулығы мен өмірін қорғап қаласыз!
Жарма ауданының ТЖБ