2022 жылғы қыркүйекте Ел Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату мақсатында қылмыстық кодекске енген өзгерістер 19 мамырда, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді, атап өткенде:
1) тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді арыздану сипатынан анықтау сипатына көшіру.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады.
2) Ұсынылған түзетулер зардап шегушілердің өтінішісіз (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді.
3) Енді сотта тек бір рет татуласуға болады, қайталғанған жағдайда татуласу мүмкін емес яғни дебошир жауапқа тартылады.
Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысымнан құтылуына мүмкіндік береді.
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейттілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдері айқындалған. 10, 15, 20 тәулік қамауға алу қалдырылды, сондай-ақ қайталанған құқық бұзушылықтар бойынша 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мерзімі ұзартылды.
Сонымен, жаңа өзгерістерде отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту немесе 5 тәулікке қамау қарастырылып отыр. Енді осы құқық бұзушылық 1 жыл ішінде қайталанған уақытта ескерту берілмейді, бірден – 10 тәулікке қамалады.
Ұрып соғу үшін – 10 тәулік қамау, қайталанса – 20 тәулік қамау қарастырылып отыр.
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15 тәулік қамау, қайталанса – 25 тәулік.
Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 тәулік қамау қарастырылады.
Мінез құлыққа ерекше талаптар орнатуды бұзғаны үшін қамаудың мерзімін 10 тәулікке ұлғайтты. Бұзу қайталанса –20 тәулік қамау.
Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына ауыр және орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіруге байланысты «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген саралау белгісі енгізілді.
Бұл оларды шағын ауырлықтан орташа ауырлыққа ауыстыруға және қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкцияны қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді (ҚК 106-бабының 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін, 106-бабының 2-бөлігі бойынша 6 жылдан 10 жылға дейін ҚК 107-бабының 1-бөлігінің санкциясы 2 жылға дейін, 2-бөлігіне 2 жылдан 3 жылға дейін).
Қылмыстық кодекске енген өзгерістер 19 мамырда, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді.