Жарма ауданының тұрғындарының назарына!

Жарма ауданының тұрғындарының назарына!

Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді аудан бойынша ағымдағы жылдың басынан  Қалбатау ауылында 1 адам  және Жаңаөзен ауылында 2 адам оның 1 бала ауа райының жылынуына пештердің дұрыс тартапауы, уақытында тазаланбауы ақаулы жарықтары бар пештерді қолданғаннан және құдықтарды тазалаудан кейін дұрыс сыланбауына байланысты көміртек улы газдан улану фактілері тіркеліп, от жағу пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары бұзылған үй иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған сол себепті: Жарма ауданының тұрғындарының назарына улы газдың көздері – бұл газды және майлы пештер, ағаш пеші, пайдаланған газдардың шығуы.

Пештегі жарықтар және түтін құбырларының бітелуі улы газдардың үйдің бөлмелеріне таралуына әкеледі. Пешке таза ауанының жетіспеуінен үйдің ішінде улы газдардың жиналуына әкеліп соқтырады. Үйдің тар конструкциясы тұншықтырғыш газбен уланудың қауіп-қатерін күшейтеді, өйткені еркін ауа алмасу жоқ.

Улы газ кез келген отының жануынан өндіріледі, мысалы: газ, мұнай, керосин, ағаш немесе көмір. Құрметті Жарма ауданының тұрғындары  қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар!От жағу пештерін жөндеп, 3 ай сайын құдықтарыңызды

 күлден тазалау жұмыстарын уақытылы жасаныздар!

Жарма ауданының ТЖБ