
Жарма ауданында «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру алдындағы күні, дауыс беру күні атқаратын жұмысы, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары жалғасуда
Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссиялары мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес бүгінгі күні Жарық ауылдық округі, Жаңғызтөбе кенті, Белтерек ауылдық округі, Қапанбұлақ ауылдық округі, Жарма кенті, Қызылағаш ауылдық округі, Аршалы ауылдық округі және Үшбиік ауылдық округтерінде орналасқан №345, №346, №347, №348, №349, №350, №351, №352, №353, №354, №355, №356, №357, №358, №359, №360 және №361 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларына арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау процесін ұйымдастыру бағытындағы тәжірибесін арттыру, дауыс беру алдындағы және дауыс беру күніндегі міндеттерді орындау тәртібін нақтылау, сондай-ақ сайлау учаскелерінде барлық азаматтар үшін қолжетімді жағдай қалыптастыру мәселелерін жан-жақты түсіндіру.
Оқыту барысында қатысушыларға учаскелік сайлау комиссиялары жұмысының негізгі бағыттары, сайлау учаскесіндегі ұйымдастыру шаралары, комиссия мүшелерінің жауапкершілігі, сайлау рәсімдерін өткізу кезінде сақталуы тиіс талаптар және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруына жағдай жасау мәселелері түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сайлау процесін ұйымдастыру барысында ескерілетін маңызды бағыттар бойынша түсіндірулер жүргізілді.