
Жарма ауданында «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру алдындағы күні, дауыс беру күні атқаратын жұмысы, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары өтті
Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес Суықбұлақ кенті, Қарасу ауылдық округі, Шар қаласы, Божығұр ауылдық округі, Әуезов кенті және Шалабай ауылдық округтерінде орналасқан №330, №331, №332, №333, №334, №335, №336, №337, №338, №339, №340, №372, №373 және №374 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларына арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, дауыс беру алдындағы күні және дауыс беру күні атқарылатын жұмыстарды заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіру.
Оқыту барысында қатысушыларға дауыс беру алдындағы дайындық жұмыстары, дауыс беру күнінде учаскелік сайлау комиссияларының атқаратын міндеттері, сайлау рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибелік ұсынымдар берілді.