
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды
«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сондай-ақ қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру мәселелерін қарады.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Абай облыстық филиалының басшысы болып Ибраев Айдар Маратұлы сайланды. Ол мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметте көпжылдық тәжірибесі бар. Жаңа қызметінде Абай облыстық филиалдың жұмысын үйлестіруге, партияның бағдарламалық мақсаттарын іске асыруға және азаматтармен өзара іс-қимылды нығайтуға жауапты болады.
Саяси кеңестің құрамына белсенді мүшелері, аппарат қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары шағын және орта бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес сектор, бұқаралық ақпарат құралдары және өңірдің экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларын танытатын басқа да салалардың өкілдері енді.
Тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, заңтану және басқа да кәсіби салаларда тәжірибесі бар мамандар кірді.
Басшылық органдардың қалыптастырылуы «Әділет» партиясының Абай облыстық филиалын құрудың ұйымдастырушылық кезеңін аяқтады. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партиялық бастамаларды іске асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты дамытуға кіріседі.