Жер учаскелерін біріктіру үшін, архитектура және құрылыс бөлімінің маманымен жер учаскелерінің сызбасы дайындалуы қажет. Жер учаскелерінің сызбасы және жер учаскелерінің актісі мен бірге жер қатынастары бөліміне өтініш білдіру керек, нысаналы мақсаттары бірдей болмаған жағдайда, жер учаскелері біріктірілмейді.
Жер учаскелерін біріктіру туралы өтініш құжаттармен қоса қарастырылып, қорытынды әзірленеді, Берілген қорытындыны жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін, жерге орналастыру жобасын әзірлеушіге ұсыну қажет.
Жер учаскелерін біріктіру шарттары
Учаскелерді біріктіру үшін мынадай талаптар орындалуы тиіс:
- Ортақ шекара: Учаскелер міндетті түрде іргелес (көршілес) болуы керек.
- Нысаналымақсаты: Барлық біріктірілетін жерлердің нысаналы мақсаты (мысалы, "ЖТҚ" немесе "Қосалқышаруашылық") бірдей болуы шарт. Егер олар әр түрлі болса, алдымен оларды бір санатқа келтіру қажет.
- Меншік иесі: Учаскелер бір иелікте болуы керек немесе иелері арасында ортақ келісім болуы тиіс.
- Шектеулердің болмауы: Жер учаскелеріне арест немесе кепіл сияқты ауыртпалықтар салынбауы тиіс.
Процедураның қадамдары
- Жерге орналастыру жобасын дайындау: Мамандандырылған ұйымға (немесе "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына) жүгініп, жеручаскелерінбіріктірутуралы жерге орналастыру жобасын жасату қажет.
- Жобаны бекіту: Дайын жоба жер қатынастары бөлімімен келісіледі және бекітіледі.
- Жаңа сәйкестендіру құжатын алу: Еск іактілер жойылып, біріктірілген жаңа учаскеге біртұтас кадастрлық нөмір және жаңа акт беріледі.
- Мемлекеттік тіркеу: Жаңадан пайда болған нысан Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына (БМЖМК) тіркелуі тиіс. Бұл қызметті eGov.kz порталы немесе ХҚКО арқылы жүзеге асыруға болады.
Кейс (Мысал)
Жағдай: Иванов Иван Ивановичтің Алматы облысында іргелес жатқан екі жер учаскесі бар. Біріншісі — 6 сотық (ЖТҚ), екіншісі — 4 сотық (ЖТҚ). Ол үлкен үй салу үшін осы екі жерді біріктіріп, 10 сотық бір учаске жасағысы келеді.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Құжаттарды тексеру: Екі учаскенің де құжаттары дұрыс екеніне және нысаналы мақсаты "Жеке тұрғын үй құрылысы" (ЖТҚ) екеніне көз жеткізеді.
- Архитектура және құрылыс бөліміне: екі учаскенің шекарасын өлшетеді және біріктіру сызбасын дайындайды.
- Жер қатынастары бөліміне: жер учаскелердің сызбасымен жер учаскелерін біріктіруге қортынды алу үшін өтініш білдіреді.
- Жерге орналастыру жобасын әзірлеушіге: қортынды, сызбалардың негізінде, жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш білдіреді.
- Өтініш беру: eGov порталы арқылы Әкімдікке "Жер учаскелерін біріктіруді бекіту" туралы өтініш жолдайды.
- Нәтиже: Әкімдік рұқсат бергеннен кейін, екі ескі нөмірдің орнына жаңа 10 сотық жерді ңактісі беріледі. Ескі актілердің күші жойылады
Сілтеме
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K030000442_#z60