Әлеуметтік төлемдер Абай облысында 56 млрд теңгеден асты

Әлеуметтік төлемдер Абай облысында 56 млрд теңгеден асты

Әлеуметтік төлемдер Абай облысында 56 млрд теңгеден асты

 

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңір тұрғындарына зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар түрінде 56,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Әлеуметтік қолдауды 279 мыңнан астам адам алып отыр.

 

Осылайша, мемлекеттік төлемдер өңір халқының едәуір бөлігін қамтып, әлеуметтік қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.

 

Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдеріне бағытталған – 50,5 млрд теңгеден астам, ал мемлекеттік жәрдемақыларға 6,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

 

Ай сайын төлемдерді қамтамасыз етуге шамамен 21,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жүйелілігін көрсетеді.

 

Жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларына зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 16 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл аталған қызметтердің халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

 

«Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары штаттық режимде жүргізілуде. Қызметтер уақытылы және толық көлемде көрсетілуде», – деді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Өмірзахов.

 

Айта кетейік, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.

 

 

 

Социальные выплаты в области Абай превысили 56 млрд тенге

 

Филиал НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по области Абай сообщает, что с начала 2026 года жителям региона направлено более 56,6 млрд тенге в виде пенсий и государственных пособий. Социальную поддержку получают более 279 тысяч человек.

 

Таким образом, государственные выплаты охватывают значительную часть населения региона и остаются одной из ключевых мер социальной поддержки.

 

Большая часть средств пришлась на пенсионные выплаты - более 50,5 млрд тенге, тогда как на государственные пособия направлено свыше 6,1 млрд тенге.

 

Ежемесячно на обеспечение выплат направляется порядка 21,4 млрд тенге, что подтверждает устойчивость и системность проводимой социальной политики.

 

С начала года в ЦОНы области поступило более 16 тысяч обращений за назначением пенсионных и социальных выплат, что свидетельствует о высокой востребованности данных услуг среди населения.

 

 «Работа по назначению пенсий и государственных пособий ведётся в штатном режиме. Услуги оказываются своевременно и в полном объёме», - отметил и о директора филиала НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по области Абай Мурат Умирзахов.

 

Отметим, что для подачи заявления на назначение пенсий и пособий необходимо обратиться в ЦОН.