
Бүгін Жарма ауданының Мәдениет үйінде аудан әкімі Н.М. Борсықбаевтың қатысуымен еңбек озаттарымен кездесу өтті. «Еңбек шеберлігі – халыққа үлгі» тақырыбында ұйымдастырылған бұл шара Ауыл шаруашылығы күніне арналды. Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл еңбеккерлерінің қоғам алдындағы еңбегін дәріптеу және олардың атқарған қызметіне құрмет көрсету. Кездесу барысында ауыл шаруашылық салада табысты еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Өз сөзінде аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, еңбек адамдарының қажырлы қызметі мен кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.