16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті Қазақстандықтар!

 

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркею жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!