Абай облысындағы сумен жабдықтау объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу.

Абай облысындағы сумен жабдықтау объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу.

Абай облысындағы сумен жабдықтау объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу шеңберінде Абай ауданының Медеу ауылына, Абай ауданының Орда ауылына,Жаңасемей ауданының Қаракөл ауылына шығу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ "AMANAT"партиясының облыстық филиалының өкілдері қатысты.

Медеу ауылында 375 тұрғын тұрады және 77 үй шаруашылығы бар. Сумен жабдықтау жүйесі, оның ішінде су құбыры мен сорғы станциясы 1980-1990 жылдар аралығында салынған және бүгінгі күнге дейін қайта құруды қажет етеді.

Тексеру барысында әзірленген жобалау-сметалық құжаттама шеңберінде қайта құру жүргізу мәселелері талқыланып, осы ауыл тұрғындарының пікірі тыңдалды.

Жүргізілген көшпелі тексеру ағымдағы жағдайды жан-жақты бағалауға және сумен жабдықтау объектісін реконструкциялау мәселесі бойынша бірінші кезектегі міндеттерді белгілеуге мүмкіндік берді.

Орда ауылында 221 адам тұрады, тұрғындар 2020 жылы салынған блоктық-модульдік станциядан сумен жабдықталады. Аудан әкімдігінің қаражаты тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ауыл бойынша модульдік станциядан үш су алу бағанасы орнатылған жергілікті желілер салынды.

Тексеру барысында блок-модульдік станцияда жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланып, осы ауыл тұрғындарының пікірі тыңдалды.

Қаракөл ауылында 145-тен астам адам тұрады, халық өнімділігі тәулігіне 12 м3 болатын 2021 жылы салынған белгіленген блоктық-модульдік станциядан сумен жабдықталады.

Тексеру барысында ауылды дамыту перспективалары және сумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын бағалау мәселелері талқыланды.