2025 жылдың 1 тоқсанына Абай облысында сұйытылған мұнай газының көлемін жеткізуге арналған жиынтық өтінімді бөлу жөніндегі комиссияның отырысы

2025 жылдың 1 тоқсанына Абай облысында сұйытылған мұнай газының көлемін жеткізуге арналған жиынтық өтінімді бөлу жөніндегі комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Абай облысы үшін тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 13-1-13/8429-хатына сәйкес Абай облысы үшін 2025 жылдың 1 тоқсанына бөлінген сұйытылған мұнай газының (бұдан әрі - СМГ) көлемі 9 152 тоннаны құрайды.
2.СМГ-ны Абай облысы бойынша 2025 жылғы 1 тоқсанға бекітілген тетікке сәйкес 9 152 тонна көлемінде бөлу бекітілсін.