Қарағайлы шағын ауданындағы түтін мәселесі тұрғындарды алаңдатуда

Қарағайлы шағын ауданындағы түтін мәселесі тұрғындарды алаңдатуда

 

Қарағайлы шағын ауданында түтін мәселесі тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды.

🔻Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.К. Сейтканов Қарағайлы шағынауданының тұрғынын жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын.

🔸Жеке қабылдау барысында Семей қаласы, Қарағайлы шағынауданы, 50-үй мекенжайында тұратын ОСИ төрағасы Бабжанов О.А. қазандық, ыстық сумен қамтамасыз ету және жылу энергиясына тариф қалыптастыру мәселесін көтерді.

🔻Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, нақты шаралар қабылдау үшін «Теплокоммунэнерго» МКК-ға ұсыныстар енгізуді тапсырды.

🔸Жеке қабылдаудан кейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Б. Әділбеков «Теплокоммунэнерго» МКК өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Ж.А. Қакибаевпен, абоненттік бөлімнің бастығы Г.Б. Джеспысбаева және жылу инспекциясы бөлімінің бастығы Е.С. Раймжановпен бірлесіп, оқиға орнына шығып, аудан тұрғындарымен кездесті және олардың сұрақтарына жауап берді.