Абай облысының 2024 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Абай облысының 2024 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 964,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 100,3% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 107,7% өсіммен 453,3 млрд. теңгеге жетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 309,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 122,2%.

363,2 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді немесе 2023 жылмен салыстырғанда 100,2%.

Облыс экономикасына 575,4 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 107,0%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,2 мың бірлікті немесе 101,7% құрады.

Ішкі сауда көлемі 1 029,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 113,4%.

2024 жылы облыс бюджетіне 135,6 млрд. теңге көлемінде меншікті кірістер түсті, өсу қарқыны - 121%.