Е-Otinish сервисі арқылы қалай өтініш беруге болады

Е-Otinish сервисі арқылы қалай өтініш беруге болады

e-Otinish сервисі арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беріп, шағым түсіруге болады. Бұл ТКШ, абаттандыру, заңсыз құрылыс, кәсіпкерлік, құқықтарды қорғау және т.б. мәселеге арналған бірыңғай платформа.

Электрондық жүйе мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға арналған. Порталда мемлекеттік органдағы өтініштің қай сатыда екенін бақылауға болады. Өтінішті қарастыру бастан-аяқ жүйеде сақталады, өтініш беруші өзінің өтініші бойынша бұрын қабылданған шешімдерді көре алады.

Өтінішті e-Gov порталы, eGov mobile және Aitu мобильді қосымшалары арқылы сайтқа жіберуге болады.

«eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтінішіңізді жасау және жолдау үшін «eGov Mobile» қосымшасына кіру қажет.

Әрі қарай, «Қызметтер» бөлімінде «eOtinish» бөліміне басу керек. Басқаннан кейін Сіз «eOtinish» ақпараттық жүйесінің басты бетіне өтесіз.

Содан кейін «Өтініш беру» бөліміне басып, пайда болған терезеде электрондық форманы толтыру қажет.

Тиісті бағандарды сәтті толтырғаннан кейін Сізге бар болғаны «Қол қою және жіберу» батырмасын басу ғана қалады.

Бұл әрекет Сіздің өтінішіңіз мемлекеттік органға тіркеу үшін және одан әрі қарауға жіберілгенін білдіреді.

https://www.instagram.com/reel/C-C0neAMPFx