Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 711,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 101,5%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 405,5 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі - 104,0%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,7% өсіммен 158,7 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 232,3 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 123,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 131,0%.

Ішкі сауда көлемі 499,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 105,1%.

Жыл басынан 104,5% өсіммен, 128,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 114,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 117,8%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 6,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 101,0%.