Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - наурыз айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - наурыз айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 799,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі -103,2%. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің көлемі 185,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 108,1%, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 589,6 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 101,0%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,5% өсіммен 50,6 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 83,9 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 121,8%.

Ішкі сауда көлемі 214,9 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 103,6%.

Жыл басынан 141,3% өсіммен, 34,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 56,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 125,2%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 3,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 101,1%.