
Өнеркәсіпте 251,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 106,5%.Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің көлемі 49,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 127,1%.Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 193,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 100%.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 104,6% өсіммен 12,0 млрд. теңгені құрады.
Облыс экономикасына 16,3 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 137,4%.
Ішкі сауда көлемі 65,6 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 104,2%.
Көлік қызметтерінің көлемі 18,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 136,0%.
Байланыс қызметтерінің көлемі 1,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 103,6%.
2026 жылдың қаңтар айында облыс бюджетіне 12,0 млрд. теңге көлемінде меншікті кірістер түсті, өсу қарқыны - 133,5%.