
Бүгін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Құдайбергенқызы облыстық мәслихат сессиясында облыстың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын 2026-2028 жылдарға облыстық бюджетті бекіту, ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау мәселелері бойынша баяндады.
Жалпы, даму жоспарының іс-шараларын іске асыру экономиканы дамытудың тұрақтылығын, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыстық бюджеттің жобасы жаңа салық және бюджеттік заңнама талаптарына, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес әзірленген.
Бюджет әлеуметтік бағыттылығын сақтап отыр. Шығындардың 61% әлеуметтік салаға тиесілі. Базалық шығындар, оның ішінде еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, коммуналдық қызметтерді төлеу, нысандарды жөндеу және басқа да бірінші кезектегі шығындар толық көлемде ескеріліп отыр.