
Бүгін облыстық қоғамдық кеңес отырысында, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы кеңес мүшелеріне Абай облысының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасының бағыттары мен мақсаттарын баяндады.
Отырыс барысында кеңес мүшелерінің қосымша сұрақтарына түсініктемелер беріліп, облыстың даму перспективалары және экономиканы дамытудың тұрақтылығын, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін алдағы бес жылдық кезеңге жоспарланған шаралар туралы айтылды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа тәсілдеріне сәйкес, Абай облысының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспары облыстық мәслихат сессиясында қаралады.