
Бүгін Абай облыстық мәслихатының экономика және қаржы, кәсіпкерлік қызмет саласындағы тұрақты комиссиясының отырысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы депутаттарға Абай облысының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасының құрылымы мен бағыттарын, алдағы үш жылға облыстық бюджеттің параметрлерін және жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы баяндады.
Отырыс барысында депутаттардың қосымша сұрақтарына түсініктемелер берілді, облыстың даму перспективалары, жопарланып отырған бюджет шығыстарының бағыттары айтылды.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес талқыланған мәселелер бұдан әрі облыстық мәслихат сессиясында қаралады.