Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 914,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 99,0% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 102,8% өсіммен 339,5 млрд. теңгеге жетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 194,0 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 96,9%.

159,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді немесе 67,4%.

Облыс экономикасына 364,5 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 103,1%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 55,9 мың бірлікті немесе 103,2% құрады.

Ішкі сауда көлемі 738,5 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 105,9%.

2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында облыс бюджетіне 116,0 млрд. теңге көлемінде меншікті кірістер түсті, өсу қарқыны - 121,5%.