Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 243,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 101,1% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 104,2% өсіммен 118,3 млрд. теңгеге жетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 89,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 117,4%.

122,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді немесе 87,6%.

Облыс экономикасына 178,0 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 96,7%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,9 мың бірлікті немесе 102,0% құрады.

Ішкі сауда көлемі 429,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 108,3%.

2025 жылдың қаңтар - маусым айларында облыс бюджетіне 77,6 млрд. теңге көлемінде меншікті кірістер түсті, өсу қарқыны - 120,9%.