Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - мамыр айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Абай облысының 2025 жылғы қаңтар - мамыр айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 993,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 100,6% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 103,6% өсіммен 79,4 млрд. теңгеге жетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 45,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 121,8%.

34,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді немесе 36,8%.

Облыс экономикасына 115,4 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 113,8%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,8 мың бірлікті немесе 102,5% құрады.

Ішкі сауда көлемі 331,0 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 108,7%.

2025 жылдың қаңтар - мамыр айларында облыс бюджетіне 65,6 млрд. теңге көлемінде меншікті кірістер түсті, өсу қарқыны - 118,0%.