
Абай облысының Көкпекті, Жарма және Ақсуат аудандарында аудандық әкімдердің төрағалығымен Дін істері, спорт және денешынықтыру, білім басқармалары мен терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдар өкілдерінің жұмыс кездесулері өтті. Іс-шаралар террористік қауіптердің алдын алуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталды.
Кездесулердің негізгі мақсаты – бірлескен іс-шараларды жоспарлау арқылы жергілікті мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және олардың біліктілігін арттыру болды. Аудандардағы қазіргі жағдай ескеріле отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың басым бағыттары талқыланып, бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға арналған тәсілдер әзірленді.
Сонымен қатар, қатысушылар Абай облысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында өзекті мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын қарастырды.