Діни бірлестіктер өкілдері өңір басшысы үндеуіне қолдау білдірді

Діни бірлестіктер өкілдері өңір басшысы үндеуіне қолдау білдірді

 А.ж. 12 сәуірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің үндеуін қолдап өңірдің түрлі діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұжымы сенбілікке қатысып, қаланы тазартуға өз үлестерін қосты.
Бұл игі бастама экологиялық мәселелерге назар аударумен қатар, түрлі діни конфессиялар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен татулықты арттыруға үлкен септігін тигізеді.