
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Абай облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, дінаралық келісім мен достықты нығайту мақсатында дін өкілдері арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Аталған турнирге қала және аудан аумағындағы діни бірлестіктер өкілдерінен құралған 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Турнир нәтижесіне сәйкес:
І орын – Әбу-Бәкір мешіті;
ІІ орын – Тас мешіті;
ІІІ орын – Құнанбай қажы мешіті (Абай ауданы) иеленді.
Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» және «Үздік үйлестіруші» номинациялары бойынша қатысушыларға арнайы марапаттар табысталды.