Діни бірлестіктер арасында ғибадат үйлерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттық отырыс өткізілді.

Діни бірлестіктер арасында ғибадат үйлерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттық отырыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында басқарманың ұйымдастыруымен облыс аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерге (ТТО) жататын ғибадат үйлерінің меншік иелері мен жауапты тұлғаларына арналған ақпараттық отырыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Жиында Абай облысы полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Айбар Берікболұлы Рахимов баяндама жасады.

Отырысқа Семей қаласы бойынша орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге жауапты тұлғалар оффлайн форматта қатысты. Ал аудан бойынша жауапты тұлғалар мен аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде қосылды.

Кездесу барысында объектілердің қауіпсіздік талаптарын сақтау, жауапты тұлғалардың міндеттері, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде тоқсан сайын жалғасатын болады.