
А.Ж. 30 қыркүйегінде Абай облысында Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшылары клубының үшінші отырысы өтті. Кездесудің мақсаты - конфессияаралық келісімді нығайту және өзекті қоғамдық мәселелерді шешуде діни бірлестіктер арасындағы әріптестік өзара іс-қимылды дамыту.
Отырыстың күн тәртібінде «Діндер диалогы – тұрақтылық негізі: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сегізінші съезін талқылау сұрағы қарастырылды.
Басқарма басшысы С. Ысқақов съездің негізгі ұстанымдарын және қоғамдағы бірлік пен толеранттықты насихаттау маңызын атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біздің бірлігіміз – әралуандылықта» деген пікіріне сілтеме жасап, жастарды діни радикализм мен жалған идеологиядан қорғау қажеттілігін, сондай-ақ өзара сыйластық пен төзімділікті нығайтуды ерекше атап өтті. Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры М. Өмірханов аталған тақырып аясында баяндама жасап, діни бірлестіктер адамдарға әрқашан парасаттылыққа, ізгілікке, моралдық жауапкершілікке үндеу керек екендігін атап өтті. Абай облысының бас имамы А. Мұқанов және катехизатор В. Явкин «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің маңыздылығына тоқталды.
Қатысушылар өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында маңызды ұсыныстар мен идеяларды талқылады.