Абай облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өтті

Абай облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өтті

Абай облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында оқыту семинар-тренингтері ұйымдастырылды. Сондай-ақ семинарға ішкі саясат бөлімдерінің және мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.

Семинар-тренингті реабилитациялық бағдарламалар бойынша ұлттық сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.М. Раздыкова «Религиозная грамотность как фактор профилактики экстремизма и радикализма» тақырыбында өткізді. Сонымен қатар, «Психея» орталығының директоры, тәжірибелі психолог С.Н. Новикова «Психологические методы и техники для работы с лицами, пострадавшими от воздействия деструктивных религиозных течений» тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара барысында қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар, радикалды діни идеологияның алдын алу және оның ықпалына ұшыраған азаматтармен тиімді жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері талқыланды.