«Semei TV» телеарнасында «DIALOG» бағдарламасы аясында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Абай облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры әрі теологы М. Өмірханов және «Психея» психологиялық орталығының директоры, психолог С. Новикова қатысқан сұхбат өтті.
Бағдарламада деструктивті діни идеологияның жастарға кері әсері тақырыбы талқыланды. Сұхбат барысында мамандар мәселенің негізгі аспектілеріне тоқталып, «деструктивті діни идеология» ұғымының мәнін, жастардың мұндай ұйымдардың ықпалына бейім болу себептерін, деструктивті діни топтарға тартылғанын көрсететін белгілерді, радикалды идеялардың әсерінен жастардың мінез-құлқы мен ойлау жүйесіндегі өзгерістерді, тарту тәсілдерінің кең тараған түрлерін, сондай-ақ отбасы мен мектептің алдын алу жұмыстарындағы тиімді тәсілдерін егжей-тегжейлі баяндады.
Сарапшылар алдын алу жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті. Бұл – білім беру мекемелері, отбасы және жалпы қоғам арасындағы тығыз байланысты қажет ететін үдеріс. Осындай бірлескен жұмыс қауіптердің алдын алып, өсіп келе жатқан ұрпақты радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау үшін аса маңызды.