
2025 жылғы 8-11 шілде аралығында Абай облысына дін саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу мақсатында Жетісу облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» қызметкерлері, сондай-ақ республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Кәбірова Н.Қ., Мутебаев К.М., Булекбаев Е.А., Шерияздан М.Ш. және Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, ғылыми қызметкері Е. Қалмұрат іссапармен келді.
Іссапар барысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оңалту тәжірибесі, сондай-ақ жастар арасында радикалдық идеологияның алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арнайы жобалар мен подкасттар аясында түсірілім жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары мен Жетісу облысынан келген теологтардың қатысуымен бірлескен подкаст ұйымдастырылып, дін саласындағы өңірлік тәжірибе, ақпараттық жұмыс әдістері және қоғамда діни тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.
Іссапар өңірлер арасындағы әріптестікті нығайтуға, діни ахуалды жақсартуға және оң тәжірибелермен өзара бөлісуге ықпал етті.