Абай облысында діни бірлестіктер басшылары клубының екінші отырысы өтті.

Абай облысында діни бірлестіктер басшылары клубының екінші отырысы өтті.

Абай облысында Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшылары клубының екінші отырысы өтті. Кездесудің мақсаты - конфессияаралық келісімді нығайту және өзекті қоғамдық мәселелерді шешуде діни бірлестіктер арасындағы әріптестік өзара іс-қимылды дамыту.

Отырыста екі сұрақ қаралды: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған бірлескен іс-шараларға дайындық және биылғы көктем-жаз мезгілінде өткен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының қорытындылары.

Абай Құнанбайұлының мерейтойын лайықты деңгейде атап өту мақсатында Дін істері басқармасы тарапынан оның мұрасын насихаттауға бағытталған бірқатар шаралар ұсынылды. Атап айтқанда: Абай шығармаларын оқу челлендждері, мешіттер мен шіркеулерде Абайдың «Толық адам» идеясы тақырыбында уағыздар мен дәрістер оқу, сондай-ақ «Тоғызқұмалақ» және шахматтан спорттық жарыстар ұйымдастыру жоспарланды. Бұл бастамалар рухани құндылықтарды нығайтуға, конфессияаралық диалог мәдениетін дамытуға және қоғамда құрмет пен төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған. Ұсынылған барлық іс-шаралар клуб мүшелері тарапынан оң бағасын алды.

«Таза Қазақстан» акциясының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Экологиялық науқанға белсене қатысқандары үшін діни бірлестіктердің өкілдері облыс әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды. Қоршаған ортаны таза сақтау мен көркейтуге қосқан үлестері азаматтық жауапкершілік пен діндарлардың әлеуметтік белсенділігінің маңызды көрінісі ретінде жоғары бағаланды.

Отырыс сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған жаңа өзара іс-қимыл форматтарын талқылап, алдағы бірлескен шараларды жоспарлауға мүмкіндік берді.