Абай облысында елді мекендерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған 2025–2027 жылдарға арналған жоспар.

Абай облысында елді мекендерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған 2025–2027 жылдарға арналған жоспар.

Көкпекті ауданындағы интернет және ұялы байланыс сапасы мәселесі бойынша жұмыс сапарымен Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абай Абзал Серікұлы, «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының және ұялы байланыс операторларының өңірлік филиалдарының өкілдері ауданға келді.

Абзал Серікұлы мен Кожанбаев Адлет Нурсагатович Көкпеті ауданы әкімінің төрағалықтарымен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен сала өкілдерімен жұмыс жиналысы өтті. Жиын барысында Абзал Серікұлы Абай облысында елді мекендерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған                          2025–2027 жылдарға арналған жоспарларымен таныстырды.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері өз ауылдарындағы интернет пен байланыс сапасына қатысты нақты проблемаларды атап өтті. Сала мамандары олардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта нақты жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Жиын қорытындысында Көкпекті, Теректі, Преображенка, Толағай, Биғаш, Шұғылбай, Тассай, Ақой және Қарамойыл ауылдарындағы байланыс сапасын арнайы тексеру арқылы жақсарту бағытында тиісті шаралар қабылданатыны мәлім болды.

Одан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілдері аудан орталығы Көкпекті ауылында осы жылдың қараша айына дейін «GPON» технологиясы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізілетін болатынын жеткізді. Нәтижесінде аталған интернет жылдамдығы - 150 Мбитс секундына дейін болатын болады. Бүгінгі күні интернет жылдамдығы - 8 Мбитс секундына дейін.

Интернет пен байланыс – заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Бұл бағытта алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.