
Абай облысы әкімдігінің қолдауымен Semey Hub базасында Tomorrow School кампусы іске қосылады. Бұл — peer-to-peer форматындағы бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп.
Мұнда қатысушылар практикалық тапсырмалар, командалық жұмыс және нақты жобалар арқылы білім алады. Дәстүрлі лекциялардың орнына — өз бетінше оқу, тәжірибе алмасу және портфолио қалыптастыруға көмектесетін жобалармен жұмыс істеу.
Қатысушыларды не күтеді:
— тегін оқу форматы
— алғашқы күннен бастап практика
— портфолиоға арналған жобалар
— бағдарламалау және AI бағытындағы дағдыларды дамыту
— пікірлес жандардан құралған комьюнити
Маңызды күндер:
Тіркелу: 19 маусым – 31 шілде
Check-In күні: 31 шілде
Pool кезеңі: 3 тамыз – 29 тамыз
Өтінім беріп, Семейдегі Tomorrow School қауымдастығының бір бөлігі болыңыз.