Алакөл жағалауында қауіпсіздік жаңа деңгейге көтерілді!

Алакөл жағалауында қауіпсіздік жаңа деңгейге көтерілді!

2026 жылғы шомылу маусымына дайындық аясында Алакөл жағалауында жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған интеллектуалды бейнебақылау жүйесі толық іске қосылды.

Жоба шеңберінде 137 заманауи бейнекамера орнатылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа цифрлық инфрақұрылым қалыптастырылды. Жасанды интеллект негізіндегі жүйе қоғамдық тәртіпті бақылап, ықтимал қауіптерді анықтап, жауапты қызметтерге жедел хабарлама жолдай алады.

Сонымен қатар, ақылды дауыс зорайтқыштар демалушыларға қауіпсіз жүзу аймағынан шыққан жағдайда автоматты түрде ескерту жасап, судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстау жөніндегі хабарламалар тұрақты түрде таратылып, азаматтарды экологиялық мәдениетке шақырады.

Бұл жоба – Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың және өңірді цифрландырудың нақты көрінісі. Заманауи технологиялар туристер мен тұрғындар үшін қауіпсіз, жайлы әрі қолайлы демалыс ортасын қалыптастыруға қызмет етеді.