Абай облысындағы ғылым мен технологияларды дамыту отырысы өтті.

Абай облысындағы ғылым мен технологияларды дамыту отырысы өтті.

13 маусымда Семейде «Дамыған өңірлік ғылым – күшті өңір» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға ғалымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

 Отырыста Абай облысының әкімі Берік Уәли, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Құрышбаев, ҚР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантікин, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері және түрлі ғылым салаларының отандық және шетелдік сарапшылары сөз сөйледі.

Берік Уәли өңірде Президиумның көшпелі отырысын өткізу ғылымды дамытуда маңызды қадам болып, өңірдегі ғылыми зерттеулер мен жетістіктерге жаңа серпін беретініне назар аударды. Сонымен қатар, ерекше мән ақпараттық технологиялар (IT) саласына берілді. Әкім соңғы жылдары IT-индустрияның өңір экономикасындағы маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын атап өтті. Ол стартаптарды, инновациялық жобаларды қолдаудың маңыздылығын және технологиялық компаниялар үшін инфрақұрылымды кеңейтудің қажеттілігін тілге тиек етті.

Бұл оқиға өңірдің ғылыми-техникалық саласындағы әлеуетін арттыруға және өңірдегі IT-секторын, цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.